18.09.2026, 16:15
Оқылды: 11

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды

Орал қаласында «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті.

WhatsApp Image 2026-09-18 at 16.35.50

Ашық есік күніне Әділет партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сафималиев Азамат Сафималиұлы, облыстық мәслихат депутаты Ізмұханбетова Софья Салахаддинқызы, қалалық мәслихат депутаты, партияның «Әйелдер қанатының» төрайымы Ашикова Нұргүл Әжібайқызы, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, әділет, полиция және тұрғын үй салаларының жауапты мамандары қатысты.

1c14189b-f721-4375-b3c9-b8494e3104c5

Іс-шара барысында азаматтар балалардың құқықтарын қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқықтық мәселелер, атқарушылық іс жүргізу және тұрғын үй мәселелері бойынша өз сауалдарын қойды.

de778185-0c0c-479a-995a-3065975e1bd1

Мамандар азаматтардың мәселелерін тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы тиісті сала өкілдерінің қатысуымен қаралып, оларды шешу бойынша ұсыныстар берілді.

0dee7178-f743-4437-8509-385909466a1b

Бірыңғай тақырыптық қабылдау азаматтардың өзекті мәселелерін бір алаңда талқылауға және бала мен отбасының құқықтарын қорғау бағытындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік берді.

«Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, отбасыларды қолдауға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

"Әділет" партиясы БҚО филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале