Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы «Денсаулық» атауымен ерекше шара ұйымдастырды. Акция аудан орталығының халық көп қатынайтын мекемелерінде және Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінде өтті.
Артериалды гипертензия, гипертонияның алдын алу мақсатында медициналық қызметкерлер жергілікті тұрғындардың қан қысымын өлшеді. Сонымен қатар санитарлық-эпидемиялогиялық мекеме мамандары кеңес берді. Шара барысында жаднама парақшалары да таратылды.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz