7.04.2017, 22:40
Оқылды: 47

Қоғамдық көліктер мобильді телефон арқылы бақылауға алынатын болады

received_10208839286991891

  Бүгін Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев жергілікті «Қазақстан-Орал» телеарнасында тікелей эфирге шықты. Көптеген қала тұрғындары шаһар басшысына көкейде жүрген сауалдарын жолдап, жауаптарын алды.


  Қала тұрғыны Сарытау, Зашаған кентінде мектептер салынып жатқанына қуанышты екенін, енді жыл өткен сайын саны артып келе жатқан Балауса, Болашақ шағын аудандарына да білім ошақтары қажеттігін жеткізді.

  - Балауса, Болашақ, Құс фабрикасы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың жанындағы ауылдарға, тіпті қаланың ортасында да мектептер салу керек. Осы қажеттілікті анықтап есептеп жатырмыз. Жалпы, салынатын немесе апатты жағдайдағы мектептің сыйымдылығы 300 орыннан асса, қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді екен. Қазіргі жағдайда №4 мектептің жағдайындай құлағалы тұрса, республикалық бюджеттен ақша сұрап қайтадан орнына мектептер салуға болады. Сондықтан да Балауса, Болашақ шағынаудандарында мектеп салу жоспарымызда бар, - деді қала басшысы.

  Қаладағы жолаушылар тасымалына қатысты айтылған шағымға түсінік берген шаһар басшысы мұндай наразылық халық арасында жиі айтылып жүрген ең күрделі мәселелердің бірі екенін атап өтті.

   - Қазіргі жағдайда бізде 33 маршрутта қызмет ететін 6 транспорттық компанияға қарасты 500-дің үстінде қоғамдық көлік жұмыс жасап жатыр. Оның 60 пайызы ескірген. Бірақ кейбір қоғамдық көліктердің іші лас, жазда ыстық, қыста салқын, ішінде отыруға мүмкіндік жоқтығын, кондуктордың аялдамаларды хабарламайтыны, тағы басқа да кемшіліктер толып жатыр. Осы бағытта кеше халықаралық ақылды қала жөнінде форум өткізілді. Бұл тақырып сонда да көтерілген болатын. Алдағы уақытта бірыңғай диспетчерлік пункт жүйесі, жаңа технология бойынша электронды билет енгізіледі, автобус уақытынан бұрын қозғалыс кестесінен шығып кете алмайтын болады. Бұлардың барлығы интернет, мобильді телефон арқылы бақылауға алынатын болады. Кейбір маңызы бар маршруттарға өзіміздің жергілікті бюджет арқылы субсидия мәселесі де қарастырылып жатыр,-деді Нариман Төреғалиев.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале