21.09.2026, 15:30
Оқылды: 8

«Медициналық көмектің флагманы - 2026» үздіктер марапатталды!

Батыс Қазақстан облысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 10 жылдығына арналған медициналық қызмет көрсетушілер арасындағы «Медициналық көмектің флагманы - 2026» байқауы өз мәресіне жетті.

686db40e-62b4-4a61-96df-719bc4bbc31a

Іс-шараның негізгі мақсаты - медицина саласындағы тиімді тәжірибелерді насихаттау, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және пациент мүддесіне негізделген жұмыс тәсілдерін ілгерілету.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

БМСК, консультациялық-диагностикалық және жедел медициналық көмек бағытында- Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек бағыты бойынша - Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы, тұрғындармен жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, шағымдар санының азаюы, пациенттерді қолдау қызметінің нәтижелілігі, қаржылық тәртіптің сақталуы және Qalqan ақпараттық жүйесіндегі белсенділігі назарға алынды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Сымбат Жанабергеновна

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале