22.09.2026, 11:45
Оқылды: 24

ІІМ-нің цифрлық шешімдері мен «ақылды жаяу жүргінші» жүйесі жол қауіпсіздігін арттыруда

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Саденов жол қауіпсіздігі саласында цифрлық технологияларды қолдану нәтижелері туралы баяндады.

Полиция ЖП

«ТОР» платформасы: ведомствоның барлық салалық цифрлық сервистерін біріктірді. Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы көлік құралдарына мониторинг жүргізіліп, рөлде 8 сағаттан астам отырған жүргізушілер анықталады, сондай-ақ автокөліктер іздестіріледі.

«Ақылды жаяу жүргінші» жүйесі:
өңірлерде жаяу жүргіншілерге жол бермеген автокөліктерді тіркейтін 126 құрылғы жұмыс істейді. Олар орнатылған жерлерде жаяу жүргіншілерді қағып кету фактілері тіркелмеген.

«Қорғау» жүйесі: жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, іздеуде жүрген көлік құралдарын жедел анықтауды, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің құқық бұзушылықтарын тіркеуді қамтамасыз етеді.

Құқық бұзушылықтарды тіркейтін автоматтандырылған кешендер: еліміздің жолдарындағы мұндай жүйелердің саны 28 мыңнан 32 мыңға дейін ұлғайтылды.

Лазерлік жүйелер: түнгі уақытта және ауа райы жағдайы нашарлаған кезде қозғалыс бағытын көрсету үшін жолдардың 22 учаскесіне 56 құрылғы орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 20 учаскеге 48 жүйе орнату жоспарлануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале