22.09.2026, 18:00
Оқылды: 5

Оралда Ұлттық ұланның әскери оркестрі қала тұрғындарына музыкалық көңіл-күй сыйлады

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап музыкалық бағдарлама ұсынды.

WhatsApp Image 2026-09-22 at 13.45.29

Әскери музыканттар қоғамдық орындарда танымал эстрадалық әндермен қатар, әскери-патриоттық шығармалар мен халық әндерін орындады. Көпшілікке таныс әуендер қала тұрғындарының көңілінен шығып, көрермендер әншілерге қосылып ән шырқап, әскери музыканттарға зор қошемет көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, демалыс күндері әскери оркестрдің шығармашылық ұжымы Орал қаласының саябақтары мен сауда орталықтарында өнер көрсетіп, тұрғындарға музыкалық тарту жасауда. Бағдарламаға заманауи танымал шығармалармен бірге ұлттық музыка үлгілері де енгізілген.
Музыкалық кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады. Әскери оркестрдің өнері қала тұрғындары үшін мәдени демалыстың бір бөлігіне айналып, Ұлттық ұланның қоғаммен байланысын нығайтуға өз үлесін қосуда.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале