«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ Жалпақтал филиалының ұжымы Жалпақтал ауылдық кітапханасында ашық есік күнін өткізді.

Көрмеге келген оқушыларға бұрынғы «Қараөзен» кеңшарының аға шопаны Мағзом Қисетов пен ұстаз Төлеген Сейткереевтің мадақтама грамоталары, мемлекеттік наградалары мен ескі фотолары көрсетіліп, толық мәлімет берілді.
Жиында филиал директоры М. Карабалин сөз сөйлеп, архив саласының қоғамдағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ Ғ. Молдашев атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Зере Серікқалиқызы сұрақ қойып, Қараөзен мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Серік Жарылғасов пен кітапханашы Айнұр Бисекешева өз ойларын ортаға салды.

Шара соңында оқушыларға архив қорлары негізінде жарық көрген кітаптар мен өлке тарихы туралы кеңінен мағлұмат берілді.

Айгерім Жапақова,
"Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві" КММ Жалпақтал филиалының архивисі