ҚР Үкіметінің хабарлауынша, елдегі жол сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда.

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан
Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев биылғы жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар 2 мың шақырымнан астам жолды жөндеуден өткізіп, пайдалануға беру жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл бағытта жалпы 70 жоба жүзеге асырылуда.
Оның айтуынша, жалпы ұзындығы 4 242 шақырым болатын 141 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, соның жартысы биыл аяқталады. Мердігерлердің жауапкершілігі күшейтіліп, кепілдік мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды, сондай-ақ заманауи технология қолданылып, жол негізіне екі қабат асфальтбетон төселуде. Бұдан бөлек, I санаттағы жолдар 4 388 шақырымға, II санаттағы жолдар 7 017 шақырымға жеткізіліп, бұл көлік ағындарын бөлуге және соқтығысу қаупін азайтуға мүмкіндік берді.