10.04.2017, 17:17
Оқылды: 51

Қоржында – 30 жүлде

Көкшетау қаласында каратэден ҚР чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің Жамбыл, Оңтүстік, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Алматы, Батыс, Шығыс облыстары және Алматы қаласынан 250-ге жуық спортшы қатысты.

Аталмыш жарыста зеленовтықтар жеңіске деген жігерін жанып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Байрақты додада БҚО командасы құрамасы сапында татамиге шыққан жергілікті спортшылар 16 алтын, 6 күміс, 8 қоланы қанжығаға салып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.

Фархад Жалмұрзин, Николай Сеннов, Фархат Нысанбаев сынды білікті бапкерлер баулыған спортшылар өз жас ерекшеліктері бойынша кумитэ мен катадан ел чемпиондары атанды. Олардың арасында  Ж.Гиссатдин (кумите мен ката), Г.Серікқали, Ш.Гумаров, Ж.Серік, С.Болатов, Қ.Сақыпқали, А.Имақанова (кумите мен ката), Р.Утешқалиев, Д. Горилкин, Э.Дусупова, Д.Пивень,Н.Сеннов, М.Шигербаев, Н.Саматов бар.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале