10.04.2017, 17:30
Оқылды: 41

«Үздік автомектеп» конкурсы өткізілді

Yzdik avtomektep   Қоғамдағы жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында БҚО Ішкі істер департаменті «Батыс Қазақстан автомектебі» кәсіби бірлестігімен бірлесе отырып, жүргізушілерді дайындау бойынша ең үздік мектеп дайындау үшін конкурс өткізді.

    Жүргізушілерді дайындау бойынша 8 орталық қатысқан жарыс екі кезеңмен өтті. Конкурсқа әр мектептен бірнеше студенттен қатысты.


  Бірінші кезең – қатысушылардың тест тапсырмалары арқылы теориялық білімін бақылау бойынша БҚО ІІД емтихан қабылдау сыныбында өтсе, екінші кезең «Орал» автомектебінің аумағында автокөліктерді практикалық басқару дағдысын тексеру мақсатында өткізілді.

  Конкурс комиссиясының құрамында БҚО ІІД ӘПБ және «Батыс Қазақстан автомектептері» кәсіби бірлестігінің  өкілдері қатысты. Комиссия шешімімен «Үздік автомектеп» байқауында І орынды «Сапа» автомектебі, ІІ орынды «Жібек жолы», ІІІ орынды «Тілек» автомектебі өзара бөлісті. Оларға грамоталар, кубоктар және «Сулпак» тұрмыстық-техникалық дүкенінен тауарларға жеңілдік бөлінген сертификаттар тарту етілді.

  Жеке көрсеткіштер бойынша үздік нәтиже көрсеткен Салиев Артур І орын, Шойынова Гүлсім ІІ орын, Құтқожина Шынар ІІІ орынның тұғырынан табылып, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале