Қаратөбе аудандық Мәдениет үйінде би фестивалі болып өтті. Фестивальде аудан және ауылдық округтерден келген өнер ұжымдары өнер көрсетті.
Аталмыш би фестивалінде «Еркеназ» би тобы (Сулыкөл ауылы) мәнерлі де әсем кимылын музыканың сазына сәйкестендіріп, орыс халқының биін орындаса, «Інжу» би ансамблі (Шөптікөл ауылы) хорезм биімен дүйім жұрттың назарын аударта білді.
Алайда бидегі ырғақтықты сезіну қимылдың бір уақытта бірдей қайталануы, үзіліс пен екпін түсіруі де бірдей болған «Шалқыма» би тобы үнді биімен көрерменді еріксіз билетті.
-Би өнері – тілсіз өнер, оның айтар мағынасы болуы шарт. Жүректегі, ойдағы жазуды би тілімен жеткізу, халықты бұған сендіру – басты мәселе. Осы жағынан келгенде қолдың, саусақтың, буынның, дененің әр қимылы – бір-бірімен үндестік табуы шарт, - дейді аудандық Мәдениет үйінің директоры Ернар Биялиев.
Фестиваль соңында би тобы мүшелеріне бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Маралбек АМАНТАЕВ
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz