ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қайғыра көңіл айтты.

Фото: modgovkz
Ведомство басшысы бұл қайғылы оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы мұқият тексеріліп жатқанын мәлімдеп, кінәлі тұлғалардың заңға сәйкес жауапкершіліктен жалтармайтынын баса айтты.
Сонымен қатар министрлік қаза тапқандардың отбасыларымен үнемі байланыста болып, оларға жан-жақты қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.