Қазақстанда 25 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды
25.09.2026, 19:00
Оқылды: 48

Қорғаныс министрі кінәлі тұлғалар заң алдында жауап беретінін айтты

ҚР ​Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қайғыра көңіл айтты.

InShot_20260925_183024312

Фото: modgovkz

Ведомство басшысы бұл қайғылы оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы мұқият тексеріліп жатқанын мәлімдеп, кінәлі тұлғалардың заңға сәйкес жауапкершіліктен жалтармайтынын баса айтты.

Сонымен қатар министрлік қаза тапқандардың отбасыларымен үнемі байланыста болып, оларға жан-жақты қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале