27.09.2026, 9:30
Оқылды: 74

Қазақстан Президентінің өкімімен Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеру жүргізетін комиссия құрылды

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің, сондай-ақ әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету саласындағы жағдайдың жай-күйіне жан-жақты талдау жасау мақсатында арнайы комиссия құрылды.

president

Фото: akorda.kz

2026 жылғы 26 қыркүйектегі Президент өкіміне сәйкес, бұл ведомствоаралық комиссияға Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева төрағалық етсе, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов төрағаның орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ комиссия құрамына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов, Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы Мұрат Баймұқашев, Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Бас Прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаев және Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин енді.

Жаңадан құрылған комиссия атқарылған жұмыстың алғашқы нәтижелерін жеті күн ішінде ұсынуы қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале