27.09.2026, 8:15
Оқылды: 12

Бәйтерек ауданының бірнеше ауылында әкім сайлауы өтуде

Бәйтерек ауданындағы Көшім, Махамбет және Щапов ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтуде.

image-27-09-26-08-04_edit_119488403533375

Сайлау учаскелері Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, сағат 7:00-де дауыс беру басталды.

Көшім ауылдық округінде 2654, Махамбет ауылдық округінде 1666, ал Щапов ауылдық округінде 1316 сайлаушы бар.

Щапов ауылындағы №171 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып хореограф Жанна Бахтиярова дауыс берді.

«Таңертең ерте келдім. Өйткені бұл – менің азаматтық борышым әрі міндетім. Сайлауда өз міндетімді орындап, дауыс беру біз үшін өте маңызды», – деді Жанна.

Ал Көшім ауылындағы №175 сайлау учаскесінде сайлаушыларды ақ дастарқан жайып, бауырсақ ұсынып, көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуда.

Осы учаскеге таңмен келген 18 жастағы Владислав Ялфимов алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

image-27-09-26-08-04-3_edit_119479629861347

«Таңмен келіп, алғашқы рет дауыс беріп отырмын. Алғашқы дауыс – азаматтық жауапкершіліктің бастауы. Бұл – әр жас үшін маңызды қадам әрі өз ұстанымыңды білдіруге берілген мүмкіндік», – дейді жас сайлаушы.

№175 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Манат Тұрсынғалиев жас сайлаушыға естелік сыйлық табыстады.

Гүлім Орда, 

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале