28.09.2026, 21:30
Оқылды: 4

Бөкей ордасы: ХХХХІ сессияда үш мәселе қаралды

Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен, аудан әкімінің қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІ сессиясы өтті.

IMG_20260928_151003_edit_221022088812403

Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, округ әкімдері мен мекеме басшылары онлайн және оффлайн форматта қатысты. Сессия күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

Алдымен аудан басшысы Нұрлыбек Даумов сөз алып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша мәлімет берді. Әкім өз сөзінде аудан аумағында іске асырылған іс-шаралар мен алдағы уақытқа белгіленген жоспар бойынша толық айтты.

IMG_20260928_151122_edit_221007975221107

Аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Ержан Айтқалиев мәслихат аппараты басшысының лауазымдық нұсқаулығына қатысты заңнама өзгерістерінен хабардар етсе, аудандық әкім аппаратының бас инспекторы Нұрфат Бисекенов аудан әкімдігі жанындағы комиссия құрамына қатысты өзгерістер бойынша мәлімет берді.

IMG_20260928_151025_edit_221016365836572

Күн тәртібінде көтерілген мәселелерге қатысты ұсыныстар мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды.

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале