28.09.2026, 22:30
Оқылды: 38

Сайқын ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

​Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №61 шешіміне сәйкес, 27 қыркүйекте өткен Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындыланып, Сайран Алтаяқов округ әкімі болып тағайындалды.

InShot_20260928_235032750

Жаңа әкім 1982 жылы Сайқын ауылында дүниеге келген және бұған дейін «Бөкей ордасы колледжі» директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Сайлауда бұл лауазымға өзін-өзі ұсынған болатын.

InShot_20260928_235058817

Бүгін аудан басшысы Нұрлыбек Даумов жаңа әкімді округ әкімі аппаратының ұжымына ресми түрде таныстырса, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлы оған қызметтік куәлігін табыс етті.

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале