Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес қызметі Теректі аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісін ұстады, деп хабарлайды аудандық прокуратура.
Тергеушіге үлкен сомада пара алды деген айып тағылып отыр. Аталған оқиға бойынша тәртіп сақшылары күдіктіні тұтқындап, қамауға алды.
Мамандар егер де сіз сыбайлас жемқорлық фактісіне куә болсаңыз немесе қандай да бір ақпарат білсеңіз, прокуратура немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарына хабарлауыңызды сұрайды.
zhaikpress.kz