5.10.2026, 17:30
Оқылды: 7

Сегіз жоба аясында 16 шақырым жол жөнделеді

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында жөнделіп жатқан  жол учаскелеріне барды. Биыл 8 жоба аясында жалпы ұзындығы 16 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарланды. Соған сәйкес учаскелердің жартысынан астамында жұмыс аяқталды.

825292850_1103958502024842_3975369242917789832_n

Өңір басшысы алдымен Школьная көшесіндегі нысанға барды. Мұнда 1 шақырымға жуық жол  жамылғысын жаңарту арқылы оның сапасын арттырып, пайдалану мерзімін ұзартуға бағытталған заманауи технология қолданылды. Осы жерде облыс әкімі тұрғындармен тілдесіп, қаланы көркейту жолында ортақ жауапкершілікті сезінуге, өз үйінің ауласын ұқыпты ұстауға шақырды.

– Өздеріңіз сияқты зейнеткерлер белсенді, еңбектің қадірін біледі. Қаланы көркейтуге бәріміз атсалысуымыз керек. Жазда ауланы арамшөптен, ал қыста қардан тазалап тұру қажет. Өкінішке қарай, осыған мән бермейтін отбасылар бар. Жеке сектордың ауласындағы қарды шығаруға мемлекет араласпауы тиіс. Тұрғын үй иелері осыған көңіл бөліп, жауапкершілік танытса, әрі тазалыққа үлес, әрі су басу қаупі туындамас еді, - деді Нариман  Төреғалиев.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Сыбаға көшесінде ұзындығы 895 метр болатын жол жаңартылды. Бұл жобаны «Ануш құрылыс» компаниясы жүзеге асырды. Ал Каримуллин көшесінде ұзындығы 1,5 шақырымға жуық жол учаскесін орташа жөндеу жұмысы аяқтала келді.

Облыс әкімі қала басшылығына кәсіпкерлік нысандарына өз төңірегін таза ұстау жөнінде тиісті талаптар қоюды тапсырды. Тәртіп сақшылары аймақта бейнебақылау жүйесі мен жылдамдық өлшегіш құрылғылардың орнатылғаны туралы мәлімет берді.

аким - ремонт дорог (5)

Жалпы, қала аумағында 50-ден астам көше жолын жаңарту жоспарланған. Бүгіндері 30-дан астам көшеде ағымдағы жөндеу жұмысы  жүргізілді.

Нүркен Ғаппар,

Орал   қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале