2.10.2026, 13:15
Оқылды: 5

Ән қонған, күй дарыған қайран нарын

Мерекелік концерт театрландырылған көрініспен басталды. Сахнадан Хан Жәңгірдің ұлттық мүдде, асқақ арманы Баян етілді. Концерттік бағдарлама Түркештің «Көңілашарынан» бастау алды.

IMG-20261002-WA0082

Бөкейлік талант күйші Есел Қазиевтің немересі Асылхан Қазиев дирижерлік еткен аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестрі Карл Джейнкейнстің «Палладиосын» да бабына келтіріп орындады. Оркестр орындаған Дәулеткерейдің "Құдашасын", Құрманғазының "Сарыарқасын",  Нұрғисаның "Махамбеттің" көрермен қауым қиқуын қоса отырып, зор ықыласпен тыңдады.

IMG-20261002-WA0079

Концертте әуезді әндері ел аузында жүрген Т. Шәміловтің, Х.Әлесовтің, Б.Ғабдуллиндердің әндері орындалды. Үлгілі «Орда гүлдері» би ансамблі мен ханордалық үлгілі «Сымбат» би ансамблінің бишілері кештің көркін мың бұралған билерімен айшықтай түсті.

Анар Артықбай
Суретке түсірген Әділет Абдиров,

Бөкей ордасы ауданы

IMG-20261002-WA0088 IMG-20261002-WA0089 IMG-20261002-WA0078 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале