2.10.2026, 11:00
Оқылды: 9

Ұстаздар спартакиадада бақ сынады

Шөптікөл мәдени - спорт кешенінде Ұстаздар күні және Кәсіподақтар күні мерекесіне орай аудандық білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында волейболдан, шахматтан, тоғызқұмалақтан аудандық спартакиада оздырылды.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 10.20.21 (1)

Мерекелік шараның ашылу салтанатында спартакиадаға қатысушы командалар сап түзеп, мемлекеттік әнұран орындалды.

Ұстаздар күні мерекесіне арналған аталмыш спорттық жарысты аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев алғы сөзбен ашып, барша ұстаздарды мерейлі мейрамдарымен құттықтап, ойынға қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Одан соң спартакиаданың бас төрешісі, Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жасұлан Батырбаев жарысқа қатысушыларды ойын ережелерімен таныстырып өтті.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 10.20.21

Мұғалімдер арасындағы спартакиадаға ауданның барлық білім беру ошақтарынан келген 14 команда қатысып, бақтарын сынады.

Жалпы барлық командалар да жарысқа жақсы дайындықпен келген. Мықты командалар финалға шығып, өзара тартысқа түсті.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 10.42.15

Волейбол ойынының қорытындысында жарыс жеңімпазы атанған Мұхит атындағы ЖОББМ-нің командасы І орынды жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды жеңімпаздармен тартысты ойын өрнегін көрсеткен Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының командасы қанжығасына байласа, Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ-нің командасы ІІІ орынға табан тіреді. Ойын барысында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, көрермендер көңілінен шыға білген Қалдығайты ЖОББМ-нің командасы «Жеңіске деген жігері үшін» аталымын иеленді.

Командалар бойынша ойындар барысында шеберлік таныта білген Әлібек Қамза «Үздік қорғаушы» (Мұхит атындағы ЖОББМ), Азамат Бақытов «Үздік шабуылдаушы» (Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ), Дамир Асетов «Үздік ойыншы» (Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы), Максим Мұқанов «Ардагер спортшы» (Қоскөл ЖОББМ) аталымдарымен марапатталды.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 10.41.03 (2)Мерекелік жарыста шахматтан ерлер арасында сайысқа түсіп І орынды Досымхан Хамидуллин (Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы), ІІ орынды Думан Орынбасарұлы (Музыка мектебі), ІІІ орынды Асхат Кенжин (Б.Аманшин атындағы ЖОББМ) иеленсе, қыздар арасында І орынды Нұргүл Жұбаниязова (Қалдығайты ЖОББМ), ІІ орынды Көркем Кетебаева (Мұхит атындағы ЖОББМ), ІІІ орынды Рысгүл Сафина (Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ) иемденді.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 10.41.03

Аталған спартакиадада тоғызқұмалақ ойынынан ерлер арасындағы сайыста І орынды Қаныбек Нұрсұлтанов (Алакөл НОМ), ІІ орынды Бексұлтан Шалабаев (Қалдығайты ЖОББМ), ІІІ орынды Жасұлан Рамазанов (Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы) иеленсе, қыздар арасында тоғызқұмалақтан І орынды Жанат Есенаманова (Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы), ІІ орынды Рысгүл Жанғалиева (Жақсыбай НОМ), ІІІ орынды Әсемгүл Абилова (Шөптікөл ЖОББМ) иеленді.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 10.41.03 (5)

WhatsApp Image 2026-10-01 at 10.41.03 (8)

Спартакиаданың жабылу салтанатында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім беру бөлімінің арнайы кубогымен, медальдарымен, дипломдарымен марапатталды.

 

Серікбай Жәлелұлы 

Қаратөбе ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале