2.10.2026, 12:30
Оқылды: 5

Қазталовта ауданның 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды

Казталов ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айдағы қорытындысы қаралып, алдағы кезеңнің негізгі міндеттері айқындалды.

image-02-10-26-10-24-2

Сессия барысында аудан әкімі Асланбек Сарқұлов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп берді. Баяндамасында экономиканың негізгі салаларындағы атқарылған жұмыстарға, ауыл шаруашылығының даму қарқынына, инвестиция тартуға, кәсіпкерлікті қолдауға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және әлеуметтік саладағы жобалардың жүзеге асуына тоқталды.

image-02-10-26-10-24-1

Аудан экономикасының негізгі тірегі саналатын ауыл шаруашылығы бағытында мал шаруашылығын дамыту, жем-шөп қорын қалыптастыру, шаруашылықтарды қолдау және өндірістік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті бастамалардың орындалуы да назарда.

image-02-10-26-10-24-3

Әлеуметтік салада білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және халықты жұмыспен қамту бағытындағы көрсеткіштер сараланып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижесі айтылды.

Сессияда аудан үшін маңызды бағыттың бірі «Қауіпсіз өңір» жобасының іске асырылу барысы да қаралды. Жоба аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерді жарықтандыру, бейнебақылау жүйелерін орнату және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Жиын қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру, белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізу және тұрғындардың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале