2.10.2026, 11:45
Оқылды: 9

Шыңғырлау ауданы: Ақтау ауылдық округінің жаңа әкімі таныстырылды

Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылдық округінде ауыл тұрғындары мен белсенділерінің қатысуымен жиын өтіп, онда жаңадан сайланған ауыл әкімі Алмас Хамитов таныстырылды. Жиында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев осы уақытқа дейін ауылдық округті басқарған Руслан Тасименовке атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа әкімнің алдына алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер қойды.

Алдымен аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Руслан Тасименовке ризашылығын білдірді, өз атынан Алғыс хат табысталды.

image-01-10-26-04-54

Өз кезегінде Руслан Тасименов аудан басшылығына және ауыл тұрғындарына бірлесе атқарған жұмыстар мен көрсетілген қолдау үшін алғысын жеткізіп, ізгі тілегін білдірді.

Бұдан соң аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Калиев сөз алып, Ақтау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындыларына тоқталды. Ол сайлау науқанының өту барысы, дауыс беру нәтижелері мен сайлау процесінің ашықтығы жөнінде баяндап, тұрғындардың азаматтық белсенділігінің маңызын атап өтті.

image-01-10-26-04-54 (1)

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев жаңадан сайланған ауыл әкіміне жауапты қызметте табыс тілей отырып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту, халықты толғандырған өзекті мәселелерді уақытылы шешу және тұрғындармен тығыз байланыс орнату қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруда жергілікті қауымдастықпен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына назар аударды.

 

С.Тыныс

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале