12.04.2017, 16:17
Оқылды: 36

Тасқын судан қауіп жоқ

Kaztalov su 01    Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр аталмыш аудандағы Қараөзен мен Сарыөзен өзендеріне жоғары жақтан су келуіне байланысты осы өзендердің бойында орналасқан бөгеттер мен көлдердің жағдайымен танысты. Нақтырақ айтсақ Ресейден Қараөзенге секунтына 50 ден-90 кубқа дейін су жіберіліп жатса, Сарыөзенге секунтына 1,5 куб су келуде.


   - Жоғарыдан келіп жатырған судан қауіп жоқ. Су деңгейін жіті бақылауға алдық. Ауданымызда төтенше жағдайларды қадағалайтын және құтқару жұмыстарымен айналысатын арнайы мамандар да кезекшілік етуде.  Қараөзенге су молынан келіп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып барлық шабындықтарға су жіберіп жатырмыз. Сарыөзенге де судың келуі жаман емес,- деді аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр.

  Сонымен қатар аудан әкімі осы іс сапарында "КазСуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Төлеген Ғұмаровпен кездесіп, Қараөзен өзенінің су жүйесінің бойында орналасқан суармалы шабындықтарға су шығару және Қарасу ауылдық округіне қарай су жіберу жұмыстары туралы кеңесті. Сондай ақ бұл кездесуде аудан әкімі мен су маманы Қараөзен бойындағы "Гүрілдеуік" бөгетінің қазіргі жағдайымен де танысты.

Қайрат ЖАҚЫП

 Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале