5.10.2026, 11:00
Оқылды: 13

Орал қаласында тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

Орал қаласында «Жайықжылуқуат» АҚ барлығы 1 673 нысанды жылу энергиясымен қамтамасыз етеді, - деп жазады kaz.inform.kz.

Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, соның ішінде 1 213 көпқабатты тұрғын үй бар.

Бес қабатты тұрғын үйлерге жылу 1 қазаннан бастап берілген. Ал тоғыз қабатты және одан жоғары тұрғын үйлер жылуға бүгін түстен кейін қосылмақшы.

Қала әкімдігінің мәліметіне қарағанда, әлеуметтік нысандарға жылу толықтай берілген. Жалпы, «Жайықжылуқуат» АҚ жылумен қамтитын 42 балабақша, 86 оқу орны, оның ішінде 48 жалпы білім беретін мектеп, 35 денсаулық сақтау нысаны, 5 әлеуметтік қорғау нысаны, 24 мәдениет нысаны және 268 басқа ұйым бар.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале