2.10.2026, 23:00
Оқылды: 0

Шыңғырлаудың «Алмаз» құрамасы арқан тартыстан топ жарды

Бәйтерек ауданында ұлттық спорт түрлерін ұлықтау, ата-баба дәстүрін жаңғырту және ел бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Дала қызықтары» атты мерекелік шара өтті.

InShot_20261002_205756670

Облыстың әр өңірінен келген спортшылар қатысқан тартысты додада ешқандай салмақ шектеуінсіз өткен арқан тартыс бәсекесі ерекше тартысқа толы болды. Осы сайыста Шыңғырлау ауданының «Алмаз» құрамасы қарсыластарына дес бермей, ұйымшылдық пен табандылықтың озық үлгісін көрсетіп, жүлделі I орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша екінші орынды Бөрлі ауданы, үшінші орынды Көктерек командасы, ал төртінші орынды Қазталов ауданының Тереңкөл командасы иеленді.

InShot_20261002_205825791

Шыңғырлаулық «Алмаз» құрамасының бұл жетістігіне спорт әдіскері Самғат Жантөриннің жүйелі дайындығы мен ұйымдастырушылық еңбегі зор үлес қосты.

Сара Әділ, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале