2.10.2026, 21:00
Оқылды: 0

Шыңғырлау ауданы: Мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс турнирі өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен және Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.

image-02-10-26-06-11

Зияткерлік сайыстың басты мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау қабілетін дамыту, өз көзқарасын дәлелді жеткізу, көпшілік алдында еркін сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ командалық жұмыс пен ортақ шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру.

Турнирге ауданның мемлекеттік мекемелері мен түрлі салаларынан жасақталған 8 команда қатысып, өзара білім мен біліктілік, шешендік өнер мен тапқырлық тұрғысынан сынға түсті. Пікірсайыс барысында әрбір қарар бойынша командалар жақтаушы Үкімет және қарсы тарап Оппозиция болып бөлініп, ұсынылған тақырыпты жан-жақты зерделеп, өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғады.

Тартысты өткен пікірсайыстың қорытындысын аудан әкімі аппаратының басшысы Азамат Бисембаев төрағалық еткен әділқазылар алқасы шығарды. Алқа мүшелері аудандық кірістер басқармасының басшысы Ерлан Батабиев пен «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Азамат Тағаниязов командалардың дәлелдерінің нақтылығына, ой жүйелілігіне және сөйлеу мәдениетіне баға берді.

image-02-10-26-06-11 (1)

Пікірсайыс қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған аудандық ішкі саясат бөлімінің командасы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің командасы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің командасы, сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің командасы келесі кезеңге өтті.

Светлана Байтенова, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале