2.10.2026, 15:15
Оқылды: 8

Қаратөбе ауданында «Ұстаз барысы» анықталды

Ұстаздар күні мерекесіне орай Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру және балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен «Ұстаз барысы» аудандық жарысы өтті.
image-02-10-26-02-44-7
Жарыс қазақ күресін кеңінен насихаттау, ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыру, ұстаздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында оздырылды.
Жарысқа аудан мектептерінен 10 палуан қатысып, боз кілемде өзара бақ сынады.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев сөз сөйлеп, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
   - Бүгінгі «Ұстаз барысы» жарысының да өзіндік маңызы зор деп білемін. Себебі мұнда сіздер шәкірттерге білім беріп қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстанудың, спортпен шұғылданудың үлгісін көрсетіп отырсыздар.
Бүгін боз кілемге шыққан 10 палуанға сәттілік тілеймін. Жарыс тартысты әрі әділ өтсін! Барша қатысушыға мықты денсаулық, спортта толағай табыс тілеймін. Ең бастысы, бұл жарыс ұстаздар арасында достық пен ынтымақты нығайтып, ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыра берсін», – деді Ғабит Ғазиев.
image-02-10-26-02-44-6
Тартысты өткен белдесулер барысында палуан ұстаздар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген жігерін танытты. Әр белдесу көрерменнің қызу қолдауымен өтіп, ұлттық спорттың көркін қыздырды.
image-02-10-26-02-44-3
Жарыс қорытындысында І орынды Мағжан Серіков иеленіп, «Ұстаз барысы» атанды. ІІ орын Нұрсәт Амантаевқа, ал ІІІ орын Телман Шакировқа бұйырды.
image-02-10-26-02-44-1image-02-10-26-02-44
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
"Жайық пресс"
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале