Бөкей хандығының құрылғанына 225 жыл, Хан ордасының 200 жылдығы мен Жәңгір хан мектебінің 185 жылдығына арналған ел тойына көршілес Ресей Федерациясынан да қонақтар келді.

Волгоград облысы Палласовка муниципальдық ауданының басшысы Иван Черновалов, «Рассвет» газетінің бас редакторы Михаил Черкесов бастаған қонақтарды аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың өзі арнайы қабылдап, мерейтойлық медальмен марапаттады.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
