6.10.2026, 9:00
Оқылды: 15

Табиғатта артық жаратылған бірде-бір тіршілік иесі жоқ

Қарлы шыңды мекендеген қар барысы, сайын даладағы киік, құзды беткейдегі арқар, орман арасындағы марал… Әрқайсысының табиғатта өз орны, өз әлемі бар. Біз олардың кейбірін өмір бойы табиғи ортасында кездестірмеуіміз мүмкін. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды. 

WhatsApp Image 2026-10-05 at 11.52.47

Бірақ фототұзаққа түскен бір сәт, қар үстінде қалған бір із, алыстан байқалған бір бейне — жабайы табиғаттың бізбен қатар өз заңдылығымен өмір сүріп жатқанын көрсетеді.

4 қазан — Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні.

Бұл күн — жануарларға деген қамқорлықты ғана емес, олардың мекенін, табиғи ортасын және тұтас экожүйені сақтаудың маңызын еске салатын күн. Әрбір түр — табиғаттың қайталанбас бөлігі  Әрбір сақталған мекен — олардың ертеңі.

Ал оларды қорғау — біздің ортақ жауапкершілігіміз. Жабайы табиғатқа адам қамқорлығы қажет.  Ал адамға — тірі табиғат қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале