13.04.2017, 11:42
Оқылды: 38

Ғасырдың талабына сай болуымыз керек

Тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Ел Президентінің өз халқына арнаған кезекті салмақты сөзінен осы орайда бізге не істеу керегі жайында бүкіл сұраққа жауап табылады.


Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында екені керемет баяндалған. «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

Сонымен қатар Елбасы қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін еместігін тайға таңба басқандай көрсетті. Тарихқа, бізден бұрынғы өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болатыны айтылды.

Біз жаңғыру жолында бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз екені мақалада жанымызға бататындай айтылды. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес.

Ендеше осыдан қорытынды шығара білуіміз керек.

Валентина БОРИЧЕВСКАЯ,

Чапаев №1 орта мектебі

директорының орынбасары

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале