9.10.2026, 9:45
Оқылды: 12

Аймақ басшысы жергілікті тауар өндірушілердің көрмесімен танысты

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Теректі ауданындағы тауар өндірушілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалады. Кәсіпкерлер ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын, тұрмыстық қажеттілікке арналған заттар мен азық-түлік түрлерін көпшілік назарына ұсынды.

838249510_1648127840158107_2321593969301142966_n

Аймақ басшысы көрмеге қатысушылармен тілдесіп, өнім сапасы, тұтынушылар сұранысы және өткізу нарығын кеңейту мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысының отандық өндірісті қолдау жөніндегі тапсырмаларына сәйкес кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Ауданда тұрғындарды кәсіпкерлікке баулу және тың бастамаларды қаржыландыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 170 адам арнайы курстан өтіп, сертификат алды. Сонымен қатар 7 тұрғын өз ісін ашу үшін мемлекеттік қайтарымсыз грант иеленді.

840962733_1796479341552231_7047173248088318222_n

Ауылдағы іскер азаматтарға мүмкіндік беретін маңызды тетіктің бірі – Президенттің бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасы.

839960229_1576316447113410_7577300063797785375_n

Осы мақсатта 2023 жылдан бері жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 242 жоба қаржыландырылып, 265 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл тағы 20 бастаманы жүзеге асыруға 266,4 млн теңге қарастырылған.

841957747_1682355003463390_59754732286480641_n 840850537_2616113208834641_7672376254829536949_n

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауданда мал шаруашылығы, жиһаз жасау, жартылай фабрикаттар дайындау, сүт пен етті қайта өңдеу, құс өсіру бағыттары дамып келеді. Бұл шаралар ауыл халқының табысын арттырып, жергілікті экономиканың өркендеуіне серпін беруде. Айта кетейік, бүгінде «Ауыл аманаты» қатысушыларынан бюджетке 25 млн теңге салық түсті.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале