Орал қаласында аударыспақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.

Еліміздің 13 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысқан ел біріншілігінің қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте III орын иеленді.
Жарыс нәтижесінде:
I орын — Ақтөбе облысы
II орын — Түркістан облысы
III орын — Батыс Қазақстан облысы
Жеке салмақ дәрежелерінде Батыс Қазақстан облысының спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
І орын - Бейбітұлы Бекарыс — 87 келі
ІІ орын - Ғайнуллин Мерей — 57 келі
ІІ орын - Мұсаев Бекзат — 62 келі
ІІ орын - Айтқали Мұхаммед-Әли — 74 келі
ІІІ орын - Абуов Нұрсұлтан — 57 келі
ІІІ орын - Құсайынов Асуан — 67 келі
ІІІ орын - Кенжебаев Абай — 67 келі
ІІІ орын - Сатыбалды Бексұлтан — 87 келі
ІІІ орын - Қойбағаров Рүстем — 94 келі
ІІІ орын - Қосмағұлов Қайнар — +100 келі
Айта кетейік, Бейбітұлы Бекарыстың 87 келі салмақтағы жеңісі — Батыс Қазақстан облысы спортшыларының ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатындағы соңғы тоғыз жылдағы алғашқы алтыны.
Жарыс қорытындысы бойынша БҚО құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.
БҚО Спорт басқармасының баспасөз қызметі