9.10.2026, 16:15
Оқылды: 11

Оралда даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады

Орал қаласының Зашаған кентінде Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады. Құрылыс алаңында өткен рәсімге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

InShot_20261009_163033777

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес өңірде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, балалардың жан-жақты дамуына және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған нысандар салынуда. Жаңа орталық – осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі.

Орталықтың құрылысы Зашаған кентінде қосымша білім беру ұйымдарының жетіспеушілігін жоюға және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы ауданы – 3 100 шаршы метр, жер учаскесінің көлемі – 2,18 гектар. Екі қабатты, жертөлесі бар ғимарат 167 орынға шақталған. Құрылысты 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы тамызға дейінгі мерзімде аяқтау жоспарланған.

Орталықта мектепалды даярлық сыныптары, STEM кабинеттері, шығармашылық және өнер үйірмелері, музыка және вокал студиялары, тіл курстары, оқу кабинеттері, акт залы мен асхана қарастырылады. Сонымен қатар бассейн, спорт және ұлттық ойындар залдары, теннис корты, күрес және баскетбол залдары болады.

Заманауи орталық балалардың зияткерлік, шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жол ашады. Сондай-ақ Зашаған кентіндегі қосымша білім беру нысандарының тапшылығын азайтып, тұрғындардың сұранысына сай қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

IMG-20261009-WA0048

Жобаның тапсырыс берушісі – «БҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Жобалаушы ұйым – «АСТАНАПРОЕКТ» ЖШС, мердігер – «BI Urban Construction» ЖШС.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале