9.10.2026, 17:30
Оқылды: 11

Бөрлі ауданында пошта саласының ардагерлері газетке жазылды

9-қазан Дүниежүзілік пошта күні. Мерейлі мерекені Бөрлі аудандық пошта байланыс торабының қызметкерлері жазылушылармен бірге қарсы алды.

IMG-20261009-WA0060

Әл-Фараби көшесінде орналасқан орталық потша ғимаратында пошта қызметін пайдаланатын келушілерге арнайы дастархан жайылды.

IMG-20261009-WA0059

Мерекелік жиынға аудандық пошта торабында нәтижелі еңбек етіп, зейнетке жеткен ардагер пошташылар да арнайы шақырылды.

IMG-20261009-WA0061

- Бүгінгі дүниежүзілік пошта күні құтты болсын! Біздің жұмысымыз көпке көрінбеуі мүмкін. Дегенмен басқаның бізге аманаттаған затын жеткізу жауапкершілігі үнемі мойнымызда. Сондықтан оның барлығы үлкен қажырлылықты қажет ететін дүние. Заман қалай өзгерсе де біздің қызметіміз маңызды әрі құнды болып қала бермек. Ортамыздағы ардагерлерімізге рахмет айтамыз,-дейді «Қазпошта» АҚ Бөрлі аудандық пошта байланысы торабының басшысы Алия Мурзабекова.

IMG-20261009-WA0064

Қатысушылар да өздерінің тілектерін ортаға салды. Поштамен үнемі тығыз байланыста қызмет атқаратын аудандық «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» қоғамдық-саяси газетінің де атынан игі тілек айтылды. Пошта саласында қызмет жасаған ардагерлер де пошта жұмысының қызығы мен қиындығы туралы сөз қозғады.

IMG-20261009-WA0064

Шара соңында пошта саласының ардагерлеріне «Қазпошта» АҚ Бөрлі аудандық пошта байланысы торабының қызметкерлері құрмет көрсетіп, аудан жаңалығының жаршысы болған «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» қоғамдық-саяси газетіне жарты жылға жаздырды. Енді аудан басылымын пошта саласының ардагерлері де үнемі оқып тұрмақ.

 

Мейрамбек СЫДЫҚОВ,

Бөрлі ауданы

IMG-20261009-WA0063

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале