ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда А(H1N1)pdm09 маусымдық тұмауының алғашқы бес жағдайы (Астанада үш және Маңғыстау облысында екі дерек) тіркелді.

Фото: DenMinPR
Сонымен қатар соңғы есепті аптада жедел респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылық 10%-ға төмендеп, 127 266 жағдай анықталды (қыркүйек айының басынан бері барлығы 760 182 жағдай тіркелген). Зертханалық мониторинг барысында риновирус, маусымдық коронавирус, бокавирус, парагрипп, аденовирус, респираторлық-синцитиалды және метапневмовирус түрлері де анықталды.
Тұмаудың алдын алу мақсатында ДДҰ-ның 2026-2027 жылдарға арналған ұсынымдарына сәйкес келетін «Гриппол®️ Плюс» вакцинасының 2,1 млн дозасы сатып алынып, өңірлерге жеткізілді.
8 қазандағы жағдай бойынша екпені 240 375 адам қабылдады. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, диспансерлік есепте тұрған балалар мен басқа да қауіп топтары тегін вакцинацияланады.