БҚО прокуратурасының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында жер пайдаланушылардың учаскелерді ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы алаңы 6,2 мың гектардан астам, кадастрлық құны 75 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған жерлер заңды экономикалық айналымға енгізілуде.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес қайтарылған жер учаскелерін ауылдық жерде тұратын адал ниетті субъектілерге беру жөнінде тиісті бағдар берілді.