ҚР Ұлттық Банкінің мәліметінше, ведомство «Өрлеу» орталығымен бірлесіп, өз филиалдарында мектеп пен колледж мұғалімдеріне қаржылық сауаттылық негіздерін үйретуді жалғастыруда.

Фото: nationalbankkz
Оқыту барысында ұстаздар практикалық тапсырмаларды орындап, түрлі қаржылық жағдайларды талдайды. Осы орайда Ұлттық Банк Төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев жоба қатысушыларымен жүздесіп, курсты сәтті аяқтаған педагогтерге арнайы сертификаттар табыстады.
Бағдарлама аясында жеке қаражатты басқару, инвестиция жасау, алаяқтық пен қаржы пирамидаларынан сақтану және жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері түсіндіріледі.
Алдағы 2026-2027 оқу жылында бұл курстан 10 мың педагогті өткізу жоспарланып отыр.