14.10.2026, 9:00
Оқылды: 24

Деркөл өзенінің арнасы кеңейтіледі

Биыл және алдағы жылы облыста 90 елді мекен аумағындағы ұзындығы 181,1  шақырым 79 су нысанына су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату қажет. 

өтеғалиев

2026 жылы 28 су нысанында осы жұмысты орындау үшін 47,6 млн теңге бөлінген. Су қорғау аймақтары мен белдеулері 37 елді мекеннің аумағындағы ұзындығы 83,7 шақырым нысанда орнатылады. 2027 жылға 51 су нысанының шекарасын белгілеуге 49,9 млн теңге бөлінбек. Сонымен қатар қыркүйек айында 25,4 млн теңге үнемделген бюджет қаражаты есебінен тағы 25 су нысанының қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуге конкурстық рәсімдер өткізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Жайық – Каспий бассейндік су инспекциясы басшысының орынбасары Қанат Өтеғалиев баяндады.

Өңірдегі су басу қаупі бар учаскелерді санациялауға үш шара көзделген. Тасқала ауданының Тасқала ауылы маңындағы Деркөл өзенінің арнасы кеңейтілмек. Жобаның құны – 622,0 млн теңге. Республикалық бюджеттен 435,0 млн теңге бөлінді. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жұмыстың бүгінде 90%-дан астамы орындалды. Шыңғырлау өзенінің арнасын тазалау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізуге дайындауда. Шаған өзенінің арнасын және Орал – Көшім суару-суландыру жүйесі механикалық тазалаудан өтеді.

Қанат Болатұлының айтуынша, ҚР Су кодексінің 53-бабының негізінде өңірде арнайы су пайдалануды рұқсатсыз жүзеге асырған 31 бұзушылық анықталған. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 141-бабының 2-бөлігі және қайталама бұзушылық бойынша 141-бабының 3-бөлігіне сәйкес 4 433 125 теңге айыппұл салынған. Биылғы әкімшілік айыппұлдардың жалпы мөлшері – 5 263 525 теңге.

WhatsApp Image 2026-10-13 at 13.48.42

Айта кету керек, биыл облыста рұқсат етілген су пайдалану көлемі – 785000 мың текше метр. Оның ішінде өндірістік қажеттіліктерге – 14200 мың м³, шаруашылық-ауыз су үшін – 25800 мың м³, ауыл шаруашылығына – 35000 мың м³, балық шаруашылығына – 7000 мың м³, экологиялық және өзге де қажеттіліктерге – 703000 мың м³.
Биылғы алты айда 444620,1 мың текше метр су тұтынылған. Облыста ауыл шаруашылығы үшін бекітілген су пайдалану лимиті – 35 млн текше метр. Осы саладағы суармалы жерлердің 13,2 мың гектары суарылған. Оның 12,8 мың гектарында су үнемдеу технологиялары қолданылған.

Ясипа Рахимқызы,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале