Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесінде 51 ұйымда қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың болмау фактілері анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 4 720 қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, олар еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамтылды.
Қабылданған шаралар өндірістік жарақат алу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу немесе қызметкердің қайтыс болуы жағдайында олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасуда.