Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанға сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда халқымыздың бай мәдениеті мен рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде.

Фото: aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында болған корольдік отбасы шетел басшылары елімізге сыйға тартқан асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады.
Бапкерлер қонақтарға сәйгүліктердің шығу тегі мен күтімі туралы айтып беріп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.