13.10.2026, 21:00
Оқылды: 8

Бельгия королі мен патшайымы қазақтың ұлттық мәдениетімен және асыл тұқымды арғымақтармен танысты

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанға сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда халқымыздың бай мәдениеті мен рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде.

IMG_20261013_191118_004

Фото: aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында болған корольдік отбасы шетел басшылары елімізге сыйға тартқан асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады.

Бапкерлер қонақтарға сәйгүліктердің шығу тегі мен күтімі туралы айтып беріп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале