16.10.2026, 17:15
Оқылды: 9

«Подстепный – Теректі – Ресей шекарасы» жолының 97%-ы дайын

«Подстепный – Теректі –  Ресей Федерациясының шекарасы» автожолын жөндеу  жұмысы  мәресіне  жақындады.  Қазіргі  уақытта  жол  учаскесінің  144  шақырымы  көлік  қозғалысына  ашылады.  Осыған  дейін  72  шақырым  жол  пайдалануға  берілсе,  биыл  қалған  жол бөлігін   жөндеу  жұмысы  аяқталуда. Бұл  жалпы  жөнделетін  жол  ұзындығының  97%-ын  құрайды. Жаңарған жолдың  сапасын  күнделікті  жүретін  көлік  жүргізушілері  де  жоғары бағалап отыр.

e2565d92-ded1-4939-b39f-83afed7e680d Аталған бағыт Орал мен Ақсай қалаларын байланыстыратын маңызды көлік жолдарының бірі саналады. Әсіресе, осы бағытта жолаушы тасымалдайтындар үшін жолдың сапасы мен қауіпсіздігі айрықша маңызға ие. Ақсай мен Орал қалаларының арасында такси қызметін көрсететін Жарасбек Мырзағалиевтің айтуынша, жөндеу жұмысының нәтижесіне көңілі толады. Жүргізуші бұл бағытпен жиі қатынайтындықтан, жолдың бұрынғы да, қазіргі де жағдайын жақсы біледі.

– Қазір Теректі ауылының тұсында, Бөрлі ауылы маңында айналма жолдар ғана қалды. Көп ұзамай толық ашылады деген хабарды естідік. Бұрынғы жолмен салыстырғанда, тақтайдай тегіс
асфальтта жүргенің бір тойға барғандай. Жолдың сапасы көңілден шығады, –  дейді Жарасбек Мырзағалиев.

Жолдың тегіс болуы сапар уақытын тиімді пайдалануға, көлікке түсетін салмақты азайтуға және жолаушылардың жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жол учаскесіндегі жұмысқа 150 жұмысшы мен 91 арнайы техника жұмылдырылған. Мамандар жол жиегін нығайту, қосымша топырақ төсеу, су ағызу жүйелерін орнату, жарықтандыру тіректерін жою, жаяу жүргіншілер жолын салу және қоршауларды монтаждау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл ақпаратты облыстық жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары  басқармасы бөлісті.

df61821a-d336-45d5-89fe-33d07c501be0 (1)

Нақты айтқанда, жолға салынатын асфальт төсеу жұмысы толық аяқталды. Қазір жол жиегіне қосымша топырақ төсеу жұмысы орындалып, жоспардың 70%-ына жетті. Ал жол бойындағы науалар мен су ағызу құрылғыларын орнату жұмысының 99,1%-ы орындалған. Қардың жиналуына бөгет болатын қоршауды берік ұстайтын 1432 тіректің 1200-і орнатылды. Сонымен қатар жол бойындағы еңістерді темірбетон плиталармен бекіту, шөп егу, уақытша айналма жолдарды бұзу және пайдаланылған карьерлерді қалпына келтіру жұмысы  жүргізілуде.

Жоба аясындағы маңызды нысандардың бірі – Шыңғырлау өзені арқылы өтетін көпір. Қазіргі уақытта оның құрылысы да біте келді. Жалпы, жолдың негізгі бөлігі көлік қозғалысына ашылды. Қалған учаскелердегі құрылыс пен абаттандыру жұмысының толық аяқталуы жүргізушілер үшін қатынасты одан  әрі  жеңілдетпек.

Шекараға дейін жаңа камералар

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» аутожолының 475-531 шақырымдары аралығында орташа қозғалыс жылдамдығын бақылау жүйесі енгізілді. Яғни көрсетілген жол бөлігінде арнайы бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Бұл жүйе екі арка аралығынан өткен көліктің орташа жылдамдығын есептейді. Рұқсат етілген жылдамдық мөлшері – 100 шақырым/сағат. «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның облыстағы филиалының мәліметінше, бұл ақылды бейнекамералар Орал қаласының іргесіндегі Асан ауылынан Ресейдің Самара қаласына дейін жүріп жатқан көліктердің орташа жылдамдығын есептейді.
Айта кетелік, мұндай камералар бұған дейін 2025 жылы Орал – Саратов тасжолына орнатылған еді. Бейнекамералар үш жерде, яғни тасжолдың 7-ші (Орал қаласы), 75-ші (Тасқала ауданы), 103-інші (РФ шекарасы) шақырымдарында жұмыс істеп тұр.

Алғашқы учаске ашылды

Жәңгір хан көшесінің жөндеуге жабылған бірінші учаскесі апта сейсенбісінде ашыл-
ды. Бұл Айтқұлов көшесінің қиылысынан бастап Бөкейханов көшесіне бұрылар аралықты қамтиды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, учаске ұзындығы –650, ені – 14 метр. Жобаға сай жолдың төменгі қабатына ірі түйіршікті асфальт жабындысы төселді.

айткулов жолы ашылды

Жәңгір хан көшесінің Айтқұлов көшесінен Орал – Саратов тасжолы аралығындағы бөлікті жөндеу жобасы төрт учаскеден тұрады. Әр учаске кезең-кезеңімен жөнделіп, көлік қозғалысы ашылып отырады. Жоспарға сәйкес асфальтқа екі жол жабынын құю жоспарланған, қазіргі таңда ірі түйіршікті асфальт жабындысы төселуде. Ал 2027 жылы Айтқұлов-Әзербайжан көшесі аралығындағы жолдың жоғары беткі қабатына қиыршықтас-мастикалық асфальт жабындысы төселеді.

Материалдарды дайындағандар 

Түгелбай Кенжеғалиұлы, Нұрым Қайырболатұлы, «Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале