21.10.2026, 15:30
Оқылды: 12

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға аудару көлемі күрт өсті

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар БЖЗҚ-дан инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 58,3 млрд ₸ аударды. Қор деректері негізінде жүргізілген есептеулерге сәйкес, бұл көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда 5,1 есе өскен.

жп акша Әлішер Уалитханов (1)

Аударымдардың көлемімен қатар олардың саны да айтарлықтай артты — тамыз айымен салыстырғанда аударымдар саны 3,1 есе көбейіп, 39,8 мың бірлікке жетті. Өз кезегінде алушылардың саны а/а үш есе өсіп, 36,7 мың адамға жетті. Осылайша, әрбір салымшыға орта есеппен 1,1 аударымнан келген (салымшы өз қаражатын бірнеше басқарушы арасында әртүрлі үлеспен бөле алады).

Аударымдардың көлемі де, саны да зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударуға мүмкіндік беретін норма қолданысқа енгізілген бүкіл уақытта, 2021 жылғы қаңтардан бергі рекордты орнатты (алушылар бойынша статистика тек соңғы екі ай бойынша қолжетімді). Бұл ретте көрсеткіштердің мұндай күрт өсуі соңғы уақытта алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін көрсеткіштер маусым айында айтарлықтай өсіп, одан кейінгі екі ай бойы шамамен сол деңгейде сақталған. Демек, қазіргі еселеген өсімнің өзі бұған дейін қалыптасқан тарихи жоғары көрсеткіштермен салыстырғанда тіркеліп отыр.

Аударымдар белсенділігінің артуына заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер ықпал еткені анық. 7 қыркүйекте БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы жинақтарының барлығын жеке компанияларға беруге рұқсат етілді (бұған дейін МЗЖ мен МКЗЖ* қатысты 50% мөлшеріндегі шектеу қолданылған). Бұған дейін, 6 маусымда, тұрғын үй сатып алу және емделу мақсатында зейнетақы қаражатын алу үшін белгіленген жеткіліктілік шектері бірден 79%-ға және одан да жоғары мөлшерге көтерілген болатын. Нәтижесінде зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аудару зейнетақы қаражатына билік етудің іс жүзінде жалғыз қолжетімді құралы болып қалды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық стратегияларды ұсынады. Зейнетақы активтерін басқару белгіленген кірістілік бенчмаркі ескеріле отырып жүзеге асырылады. Егер басқарушы бенчмаркіге қол жеткізе алмаса, ол салымшыларға тиісті айырманы өтеуге міндетті. ИПБ көрсеткіштерін сілтеме арқылы салыстыруға болады.

*Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) қызметкердің ай сайынғы табысының 10%-ы мөлшерінде қалыптастырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарына қосымша енгізілген, қызметкердің ай сайынғы табысындағы олардың үлесі 5%-ды құрайды.

Дереккөз: DataHub_KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале