23.10.2026, 20:00
Оқылды: 7

БҚО-да Республика күніне орай көшет отырғызылды

Ұлттық мереке — Республика күні қарсаңында және жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысында қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру жұмыстары белсенді жалғасуда.

IMG-20261023-WA0075_edit_62516100325317

Атаулы мерекеге орай ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша департаментінің ұжымы туған қаланың тазалығы мен табиғатына өз үлестерін қосты.

Департамент басшысы Бақыт Нұрмановтың бастауымен ұйымдастырылған экологиялық іс-шара барысында Орал қаласындағы Циолковский көшесі, 52 мекенжайында орналасқан алаңқай абаттандырылды.

Шараға қатысушы қызметкерлер қоғамдық кеңістікті тазартып, аумаққа 10 түп жас көшет отырғызды.

Бұл игі бастама қоршаған ортаны қорғауға, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындар арасында табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің

БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале