24.10.2026, 10:00
Оқылды: 60

Республика күніне орай Қазақстанда 10 жаңа білім беру нысаны ашылды

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды. 

IMG_20261023_225540_874

Фото: oqu_agartu

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Республика күніне орай елімізде 10 жаңа білім беру нысаны ашылды. Жаңа мектептер, балабақшалар, оқушылар сарайлары мен инновациялық оқу орталығы еліміздің төрт облысында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында пайдалануға берілді.

Астанада 1 500 орынға арналған екі жаңа оқушылар сарайы ашылды. Алматыда 880 орындық үш балабақша пайдалануға берілді. Жаңа нысандар мектепке дейінгі және қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, балалардың жан-жақты дамуына заманауи жағдай жасайды.

IMG_20261023_225456_352

Шығыс Қазақстан облысының Қыстау-Күршім ауылында 50 орындық мектеп ашылды. Жетісу облысы Талдықорған қаласында 300 орындық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының жаңа ғимараты және Көксай ауылында 60 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық №5 мектептің жаңа ғимараты ашылды.

Ақтөбеде 300 орындық Aqtobe IT Hub инновациялық оқу орталығы ашылды. Мұнда жасанды интеллект, робототехника, 3D-модельдеу, бағдарламалау және цифрлық медиа бағыттары бойынша білім алуға жағдай жасалған.

IMG_20261023_225525_845

2019 жылдан бері Қазақстанда 1,1 млн оқушы орнына арналған 1 342 мектеп салынды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ балаларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале