Республика күніне орай Орал қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында футзалдан дәстүрлі ашық қалалық турнир өтті.

Дүбірлі додада Қазталов ауданының командасы үздік ойын өрнегін көрсетіп, жарыстың бас жүлдесін жеңіп алды.
Тартысты бәсекеде жерлестеріміз қарсыластарына лайықты қарсылық танытып, командалық бірлік пен жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Нәтижесінде І орынды иеленіп, қала әкімінің кубогіне қол жеткізді. Тасқала ауданының командасы ІІ орынға тұрақтаса, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.
Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясын Нүркен Ахметов иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы