30.10.2026, 22:00
Оқылды: 18

Қазақстанда жаңа нефрологиялық орталықтар ашылып, диализ сапасы қатаң бақылауға алынады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

IMG_20261030_193950_633

Фото: DenMinPR

Алматы қаласында өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқасының көшпелі отырысында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова ел өңірлерінде нефрология бойынша құзыреттілік орталықтарын ашуды, диализдік көмектің сапасын арттыруды және оны қаржыландыру тәсілдерін жетілдіруді жүктеді.

​Бүгінде Қазақстанда созылмалы бүйрек ауруымен диспансерлік есепте тұрған 40 мыңнан астам пациент бар. Дегенмен, әрбір үшінші науқас медициналық көмекке аурудың терминалдық сатысында ғана жүгінеді. Қазіргі уақытта нефрологиялық құзыреттілік орталықтары 9 өңірде жұмыс істейді, ал министр 2026 жылдың соңына дейін қалған өңірлерде де орталықтар ашуды қатаң тапсырды.

​Жиында гемодиализ қызметінің сапасын бақылау мәселесі де қаралды. Мәселен, медициналық ақпараттық жүйелерді талдау кезінде соңғы диализ жүргізілген күн мен науқастың қайтыс болған күні сәйкес келетін және хронологияны нақтылауды қажет ететін сәйкессіздіктер анықталды. Осыған байланысты меншік нысанына қарамастан барлық диализ орталықтарының қызметіне кешенді бағалау жүргізіліп, деректер толық тексерілетін болады.

​Сонымен қатар елімізде бүйрек трансплантаттауды, әсіресе балаларға жасалатын оталарды дамыту басым бағыттардың бірі болып қала бермек. Бүгінде күту парағында 4,2 мыңнан астам қазақстандық тұр. Осыған орай министр балаларды шетелде трансплантаттауға жіберу өлшемшарттарын қайта қарауды және тиісті қаржылық есептеулерді әзірлеуді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале