31.10.2026, 10:00
Оқылды: 24

Жалпы құны 343 млн теңгені құрайтын жер мемлекет кірісіне қайтарылды

Көкшетау қаласының прокуратурасы заңсыз жер учаскелерін беру фактілерін анықтау бойынша талдауды тұрақты негізде жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

жп дала

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Көкшетау қаласы прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде жалпы алаңы шамамен 13 га, құны 343 млн теңгені құрайтын жер учаскелерін заңсыз беру фактілері анықталды.

Атап айтқанда, талдау нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар аталған жер учаскелерін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабын бұза отырып (сауда-саттықсыз) берілген.

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде заңсыз берілген жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды.

Жер учаскелерінің берілуінің заңдылығы мен мақсатты пайдаланылуы прокуратура органдарының бақылауында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале