31.10.2026, 15:30
Оқылды: 75

Білім беру несиесін кімдер ала алады

Қазақстанда оқу ақысын төлеуге арналған білім беру несиесі университет студенттерімен ғана шектелмейді. Бұл туралы «Қаржы орталығы» АҚ Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

IMG_20261031_101413_269_edit_21658202636892

Фото: QazAqparat_kz

Орталықтың мәліметінше, мемлекеттік кепілдік беру тәртібі Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 және Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 320 бұйрықтарымен бекітілген қағидаларға негізделген.

— Мемлекет кепілдігімен білім беру кредиттері техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары (колледждер), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары (жоғары колледждер мен училищелер), жоғары білім беру бағдарламалары (бакалавриат, интернатура) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, резидентура, докторантура) бойынша білім алушыларға беріледі, — делінген ресми жауапта.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале